Қазақстанда алғаш рет 5000 оқушы қатысып, 6 айға жалғасқан «Балалықтан даналыққа» атты ауқымды кітап оқу жобасы өз мәресіне жетті. Жоба Алматы облысы Райымбек ауданындағы 22 мектептің оқушыларын толық қамтып, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.Жобаның бастамашысы, әрі демеушісі – Райымбек ауданнан шыққан ел ағалары, «Хантәңірі қырандары» қоғамдық ұйымы. Жобаның негізгі мақсаты – Райымбек ауданынан бастап бүкіл Қазақстанды кітап оқитын, ойлы әрі зерделі ұлтқа айналдыруға үлес қосу.Аталған бастама Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу...